Күйеуінен оңбай таяқ жеп, адам сенгісіз қорлық көрген әйел халықтан көмек сұрады

Дүйсенбі, 10 Қазан , 2016 8:16

Желіде адамдардан көмек сұраған Гүлмира Қабышева есімді қазақ әйелінің жазбасы пайда болды. Онда ол күйеуінен әбден қорлық көргенін жазады. Оны күйеуі өзімен бірге тұруға мәжбүрлеп, ажырасуға мүмкіндік бермеген. 5 ай бойы ұстап қинаған.

Безымянный

Бұл жайлы ол өзінің Фейсбуктағы парақшасында жазды.

“Мен Ақтауға кетерден бір күн бұрын ол мені тауып алды. Бұл оқиға 30 сәуірден 1 мамырға қараған түні болды. Ұрып-соққан соң қашып кеткенмін, бірақ, ол мені тауып алып, аяғымды сындырып, күштеп Ақсайға алып барды. Мен мүлде байланыссыз қалдым. Гипсті шешкен соң бір жары айдан соң мен қайтадан қашып шықтым. 29 шілдеде анам балаларды алып Астанаға келді. Бірақ, күйеуім менің ізіме такси жүргізушілері арқылы түсіпті. Ізге түсу тіпті Ақтөбе вокзалында басталып кетіпті. Нәтижесінде ол жалдаған пәтерімізді тауып алып, мені тағы да алып кетті”, – дейді ол.

Гүлмираның айтуынша анасы бар кезде күйеуі бұған саусағының ұшын да тигізбеген. Өзін тәртіпді адам сияқты ұстапты. Ал анасы Ақтөбеге кете салысымен, келіншегін тура Ақтөбе-Ақсай тас жолының бойында жұдырықтаған.

“Ол қайтадан телефон, компьютерді алып қойды. Барлық құжаттар мен кілттерді де тартып алды. Осылайша мені айдан астам уақыт бойы ұстады. Осы уақыт ішінде ресми ажырасқанымызға қарамастан мен оның әйелі болып “рөл ойнадым”. Алғашқы екі рет қашып шыққаным сәтсіз аяқталды. Қазір үшінші рет қашып отырмын. Мына масқара аяқталу үшін осы жолы барымды саламын”, – деп жазады әйел.

Ол күйеуі барлық нәрсеге дайын жауыз адам дейді. Өтірікші, маньяк, психикалық ауытқыған адам деп сипаттаған.

“Ол мені тағы да іздеп тауып алуға күш салатыны белгілі. Жоғары жаққа да жазамын. Әсіресе балалар мен олардың психискасы үшін өте қорқынышты жағдай”, – дейді әйел.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбеде ер адам екі баласын пайдаланып халықтан жылу жинап алған

Ақтөбеде орыс тілінде “акцентпен” сөйлегені үшін мұғалім жұмысынан кетті

Бас прокурор студент кезінде тауық қорада түнеген күндерін есіне алды

Депутат: Түнде мешіттен айтылған азан дауысы адамдардың ұйқысына кедергі келтіреді (видео)

71 жастағы қазақстандық геймер онлайн ойынының жұлдызына айналды (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

9
Комментариев
  • Анонимно says:

    Кіна бір адамнан емес кои екеуіненде бар шығар

  • Анонимно says:

    Баянды жерден алып,жерге салып жатыр едіңдер.енді керек болды ма?соны жамандағандарға айтың.солар көмектессін

  • Анонимно says:

    Маскара.гой мына.кукык коргау орындарына неге комектеспейди.адам емес куйеуи.омир алма кезек.оганда озинен зоры шыгады.

  • Анонимно says:

    ƏЙЕЛГЕ ҚОЛ КӨТЕРГЕН ЕРКЕК НАҒЫЗ СҮМЕЛЕКТІҢ ӨЗІ ҒОЙ!!!!!

  • Анонимно says:

    Соның озин осындайгып ұру керек

  • Анонимно says:

    Баян Есентаевамен хабарласу керек. Сол айелдерди корлыктан коргайтын бирдене жасаймын деп жатыр еди гой

  • Акмарал says:

    Мұндай адамға тиісті жазасын беру керек.Тиран ғой

  • Анонимно says:

    Маскараааа адам емес екен

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар