Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

71 жастағы қазақстандық геймер онлайн ойынының жұлдызына айналды (видео)

71 жастағы қазақстандық зейнеткер Аман Алашбаев CS: GO онлайн-шутеріндегі ойыншылары арасында жұлдызға айналды.

photo_196838

Бұл туралы Life.ru хабарлайды.

Ол өзінің YouTube-каналы арқылы танымал болған. Ол онда стримдер жүктеп, жас ойыншыларға кеңес беріп отырады екен.

Бәрі екі ай бұрын басталған. Шахмат ойнаудан жалыққан ол, немерелерінің не ойнап жүргеніне мән береді.

“Әрине, бәрі бірден күшті болмады. Бірақ біртіндеп тәжірибе жинай бастадым. Генерал болуды армандамаған солдат солдат емес дейді ғой. Бұл ойындағы эмоция бәрі өмірдегі сияқты. Тәжірибе жүзінде сынасаң реакция арта бастайды”, – деді ақсақал.

Зейнеткерді бірнеше мәрте дауыс беру арқылы жасына байланысты ойыннан шығарып тастапты. Бірақ, қазір онда нақты қарсыластар пайда болған. Тіпті жанкүйерлері де бар. Қазір ол немересімен бірге онлайн шайқастың көрігін қыздырып жүр.

“Біз жас болғандықтан жақсы ойнаймыз. Бірақ атам үйреніп жатыр. Бір ай ішінде ол көп табысқа жетті. Мен оған Youtube порталынан канал ашып бердім. Ол видеоны түсіреді, ал жазылушылар монтаж бойынша өздері көмек береді”, – дейді немересі Давид Алашбаев.

Зейнеткердің каналында тек ойын жазбалары ғана емес, оның кездейсоқ адамдармен әңгімелері де бар.

Енді Аман Алашбаев CS: GO бойынша турнирге қатысуды армандайды. Ол жеңімпаз болуды армандамайды, тек жоғары дәрежелі ойыншылардың өнеріне куә болғысы келеді екен. Өз қателіктерін түзеп, жаңа деңгейге шыққысы келеді. Сондай-ақ, ақсақал өзінің интернеттегі оқырмандарымен де кездесіп, оларға алғыс білдіргісі келеді.

Талқылау