Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иван Дычко: Жеңілуіме өзім ғана кінәлімін

Қазақстандық боксшы Иван Дычко  Олимпиаданың жартылай финалында британиялық Джо Джойспен жекпе-жектегі жеңілісі жайлы айтып берді.

0

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Осылай жасағанда, былай болмағанда деп ештеңе айтқым келмейді, қолымнан келгенін жасадым. Соңғы раундта шаршап қалдым, бар күшімді салдым. Бұйырғаны сол. Физикалық тұрғыдан ұтылдым, Джойс раундтан раундқа тынысы кеңейетін мықты боксшы. Жеңілдім, бұған ешкім де кінәлі емес. Бұл медальға қуанып та тұрғаным жоқ, өкпем де жоқ. Төрт жыл бұрын «қола» алғаным көңілімді түсірген еді. Осы жолы барға қанағат тұтуды жөн санадым».

Иван Дычко Олимпиадада өзінің екінші қола медалін иеленіп, Қазақстан қоржынына 16-шы награданы салды.


Жіберіп алмаңыз:

Иван Дычко екінші мәрте Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды

РИО-2016: Иван Дычко жартылай финалға шықты (фото)

Иван Дычко мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Олимпиадада топ жарған ауыр атлеттер Алматыға келді (фото)

Талқылау