Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иван Дычко мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ Олимпиада ойындарында бокстан 91+ келі салмақта өнер көрсеткен Иван Дычко алғашқы қарсыласы әзербайжандық Магомедрасул Меджидовты жеңді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

дычко

Бірінші раунд жерлесіміздің басымдығымен өтті. Екінші раундта Иван жиі шабуылға шығып, әзербайжан боксшысын жойқын соққылардың астына алды. Осындай сәттердің бірінде Магомедрасул Меджидовтің қабағы жыртылып, дәрігерлер оған жарысты жалғастыруға тыйым салды. Осылайша, қазақстандық боксшы мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, ширек финалға шықты.

Енді Иван Дычко ширек финалда қарсыласын нокаутпен жеңген нигериялық боксшы Эфе Аягбамен кездеседі.

Жекпе-жек 17 тамыз күні Астана уақытымен 04:00-де басталады.

Айта кетейік, байрақты бәсекеде ел намысын 7 боксшы қорғап жатыр.

 

Талқылау