Италиялықтар Жетісудың табиғатын көріп таң-тамаша болды (фото, видео)

Жексенбі, 18 Маусым , 2017 12:00

Алматы облысындағы “Алтын-Емел” мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне келген италиялықтар табиғатты көріп, тамсанып қатты таңырқапты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

080801

Туристерді әсіресе әуен шығарып тұратын Айғайқұм бархан құмы қатты таңғалдырған.

“Айғайқұмның дауысын естіп, сұлулығын тамашалау үшін құм шыңының басына шығу керек. 150 метрді артқа тастап, алғаш рет құмнан шығатын ерекше әуенді естіп тұрмыз. Алған әсерді ауызбен айтып жеткізу қиын, оны тек сезіну керек”, – дейді Даниел Джордани.

080802

11 туристен тұратын топ Қазақстанға алғаш рет келіп отыр. Ол Қазақстан туралы 2015 жылы Миланда өткен ЭКСПО көрмесі кезінде естіп біліпті.

080806

“Мен сол кезде келесі ЭКСПО-ның Қазақстанда өтетінін білдім. Өзім туристік агенттікте істегендіктен Қазақстан туралы біле салысымен бұл елге деген қызығушылығым арта түсті. Сіздердің сұлу табиғаттарыңыз талайларды тәнті етеді. Осылайша ЭКСПО-ның арқасында бізде Қазақстанға келіп қалдық”, – дейді турист Джаммарко Лупини.

080803

Оларды қазақтардың қонақжайлылығы да тәнті еткен. Туристер алдағы күндері Алматы облысындағы Шарын шатқалына баруды жоспарлап отыр. Одан кейін Астананы беткен алып, ЭКСПО көрмесіне қатысады.

Оқи отырыңыз:

Түрмеден босап шыққан Юрий Пакты оқушылары салтанатпен күтіп алды

Қазақстанда қандай діни киімдерге тыйым салынбақ

КТК және Хабар арналарының экс қызметкері көз жұмды

Халық ескі көліктерін қомақты қаржыға өткізіп жатыр

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар