Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Испанияда құтырған бұқа банктің астаң-кестеңін шығарды (видео)

Испанияның Честе қаласындағы банктердің біріне құтырған бұқа баса-көктеп кіріп, мекеменің астаң-кестеңін шығарған. Абырой болғанда оқиғадан жараланғандар жоқ, -деп хабарлайды Mirror басылымы.

құтырған-өгіз

Оқиға жыл сайын Испанияның әр қаласында дәстүрлі түрде өткізілетін «бұқадан қашу» мерекесі кезінде болған. Банкке кірген бұқаны шараға қатысқан азаматтар әрең дегенде қуып шыққан.

«Бұқадан қашу» мерекесінде жыл сайын көптеген адам жараланады, тіпті, құтырған бұқаның мүйізіне ілініп өліп жатқандары қаншама.

Талқылау