Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Испандық ата-ана ұлдарына “Қасқыр” деген есім беру үшін қол жинап жатыр

Испанияның Фуэнлабрада қаласында тұратын ерлі-зайыпты ұлдарын Лобо деп атауға жергілікті биліктен рұқсат алу үшін қол жинауды бастап кетті.

20

Фото: slavs.org.ua

Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.

Лобо сөзі испан тілінен аударғанда “қасқыр” деген мағынаны береді.

Баланың ата-анасы Игнасио мен Мария мұндай шешімге бірнеше ай бұрын келген. “Біз өте керемет жануардың атын таңдадық. Бұл мінезді атау”, – деді баланың әкесі. Алайда тіркеу кезінде жергілікті билік бұл есім балаға зиянын тигізуі мүмкін деп рұқсат беруден бас тартқан.

Испандықтар Change.org платформасында қол жинауды бастаған. Егер оларды 2,5 мыңнан астам адам қолдаса, ерлі-зайыптылар биліктің шешіміне шағым түсіре алады. Петицияға Игнасио басқа есімдерді де енгізген. Бірақ, олардың барлығы жануарлар атауымен байланысты.

Қазірдің өзінде ата-ана 2,2 мың қол жинап үлгерді.

Талқылау