Исабекова жұрттың көзінше сүйіктісінен кешірім сұрап, өзіне жауап қатуын өтінді

Дүйсенбі, 25 Шілде , 2016 15:46

Әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы сүйіктісіне хат жазды. Ол жігітін қатты ренжітіп алған сыңайлы.

1

Фото: instagram.com/makosyai/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Мақпал Исабекова жеке өмірін жариялауды жөн көрмейтін жұлдыздардың қатарынан. Ол тіпті аталған тақырыпқа қатысты журналистердің сұрағына зекіп жауап беретін-ді. Алайда ол жуырда әлеуметтік желі арқылы сүйіктісіне хат жолдап, жұрттың сынына қалған еді.

Хаттың мазмұнына қарап әншінің сүйіктісімен ұрысып қалғанын байқауға болады. Оған іштегі сезімі туралы бетпе-бет айта алмағандықтан, желі арқылы хат жолдауды жөн көрген екен.

“Ашуланғанымда маған ренжімеуіңді өтініп сұраймын. Мұндай сәттерде сабыр мен ұстамдылық атаулысын ұмытып кетемін. Үнсіз қалғанымда түрлі ойды өзіме серік ететінімді біл. Осылайша жаным жай табады.  Сені сынап, тым жоғары талаптар қойған кезде жүрегіңе жақын қабылдама.

Шындығында, мұның барлығын мен өзіме айтамын. Мұның барлығы да менің саған деген қарым-қатынасымды өзгертпейді. Әртүрлі эмоцияға толы көңіл-күйім саған сөзсіз сенім артып, сырымды жайып сала алатынымды білдіреді. Сен де маған сен, мен сені жақсы көремін!

Бәрінен де адамның үнсіздігінен қорқамын. Үнсіздік пен бейжайлық адамның өзіңнен көңілі қалғанын білдіреді”, – дейді Мақпал Исабекова.

Бұл жазба әншінің өзін ғана емес, желі қолданушыларын да ойландырды. Олар Исабекованың жағдайына түсіністікпен қарап,  сүйіктісімен қайта қауышуды тіледі.


Жіберіп алмаңыз:

Мақпал Исабекованың “тақияла періште” образы тыңдармандарына ұнап қалды

Мақпал Исабекова тыңдармандарын үй киімімен таң қалдырды (фото)

Итін “өлтірген” Мақпал Исабекова жұртты күлкіге қарық қылды (видео)

Образын жиі өзгертетін Мақпал Исабекованың шашы түсіп қала жаздады

Мақпал Исабекова жаттығу залындағы жігіттерден неге ұялды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар