Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ірі әуежайлардың біріне Криштиану Роналдудың есімі берілді

Португалияның жергілікті билік өкілдері Мадейра әуежайына Криштиану Роналдудың атын бермек. Бұған жуырда спортшы капитан болған команданың Еуропа чемпионатында жеңіске жеткені себеп болса керек.

13584153_1047174568686272_1819023903_n

Фото: instagram.com/cristiano/?hl=ru

Мадейраның жергілікті билік өкілі Мигель Альбукерке бұл туралы Рональду Фуншалге келген кезде мәлімдеді. “Ұлттық байлықтарымыз мәңгілік емес. Алайда бұл сөздердің Мадейраға еш қатысы жоқ”, – дейді аймақ басшысы.

Әуежайдың ресми атауы – “Криштиану Роналду Мадейра әуежайы” деп өзгертіледі. Бұдан өзге қала ішінде Роналдуге арналған музей мен оның мүсіні бар.

Бірнеше күн бұрын Роналду аралға Pestana CR7 мейманханасының ашылу салтанатына келген болатын. Бұдан өзге спортшы дәл осындай мейманхананы Лиссабонда, Мадридте және Нью-Йоркте ашпақ. Grupo Pestana – Еуропа мен Португалиядағы ең ірі мейманханалар желісі. Аталған желіде құны 75 миллион еуроға бағаланатын 87 мейманхана бар.

“Португалияға инвестиция құйып, бізге сенім артқаның үшін көп рахмет! Әлемге Португалияны танытқаның үшін көп рахмет!” – дейді туризм саласының мемлекеттік қызметкері Ана Мендес Годинью.


Жіберіп алмаңыз:

Криштиану Роналду журналистің микрофонын өзенге лақтырып жіберді (видео)

Криштиану Роналду тағы да суррогат ана көмегіне жүгінбек

Криштиану Роналду Головкинге «Реал» жейдесін сыйлады (фото)

Криштиану Роналду Голливуд фильмдеріне түсуге дайын

Талқылау