Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ирактағы ең сұлу қыз фотосурет үшін елден қашуға мәжбүр болды

Ирактағы сұлулық байқауының жеңімпазы Сара Иданға «Израиль аруымен» суретке түскені үшін көптеген адам сес көрсетіп, өміріне қауіп төндіріпті. Салдарынан ол отбасымен бірге елден қашуға мәжбүр болған, деп хабарлайды The Washington Times басылымына сілтеп Stan.kz.

Сара Иданның «Израиль аруымен» бірге түскен фотосуреті қараша айында Instagram желісінде жарияланған. Олар «Ғалам аруы» байқауында кездескен екен. Көпшілік қыздарды келісіп алған деп айыптап, өлтіретіндерін айтып қорқытқан. Ал Ирак аруын желідегі суретті өшірмеген жағдайда атағынан айырмақ болыпты.

Салдарынан Сара Идан отбасымен бірге АҚШ-қа кетуге шешім қабылдады.

«Біз желі қолданушылары Ирак пен Израиль азаматтары дос бола алатынын көрсету үшін суретті жарияладық. Біз біріге аламыз. Түптеп келгенде, бәріміз де адамбыз ғой», -деді Гандельсман.

Ирак Израиль мемлекетін мойындамайды және аталған мемлекетпен дипломатиялық қарым-қатынас орнатпақ емес.

Оқи отырыңыз:

Белгілі актер Джордж Клуни өзімен достасқаны үшін достарына миллиондап ақша берген

NASA: Жерге үлкен астероид жақындап келеді

Түркіменстанда азық-түлік тапшылығы тағы қайталанып, ұн бағасының өзі екі есе өскен

Әйгілі футболшы балаларының көзінше әйелін өлтірмек болды

Талқылау