Джордж Клуни өзімен достасқаны үшін достарына миллиондап ақша берген

Америкалық актер Джордж Клуни достарының адалдығына риза болып, ақша толы чемодан тарту етті, деп хабарлайды Inquirer басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Оның сөзінше, 2003 жылы Клуни 14 досын үйіне қонаққа шақырған. Қонақтар өздеріне тиесілі орындардан портфельді көріпті. Олардың әрқайсысының ішінде миллион доллар болған екен.

«Бәріміздің басымыз қосылған кезде, сіздерге алғыс ретінде ақша төлеу мен үшін өте маңызды», – деген екен актер.

Клунидің айтуынша, өзі «Ұлдар» деп атайтын достарының тобы актерге көп көмектескен екен. Сондықтан Клуни оларды ерекше бағалайтын көрінеді.

Актердің досы Джербердің айтуынша, ол сыйлықтан бас тартпақ болыпты. Бірақ Клуни достарының бірі ақшадан бас тартса, қалғаны да сыйлықтан қағылатынын айтқан.

Джордж Клуни – голливуд жұлдызы. Ол көптеген голливудтық фильмдерде басты рөл сомдаған. Актер «Мінсіз дауыл», «Күн батқаннан таңға дейін», «Оушеннің 13 досы» фильмдерінен кейін кең танымалдыққа ие болған.

Оқи отырыңыз:

NASA: Жерге үлкен астероид жақындап келеді

Түркіменстанда азық-түлік тапшылығы тағы қайталанып, ұн бағасының өзі екі есе өскен

Әйгілі футболшы балаларының көзінше әйелін өлтірмек болды

«Ангар маньягы» атанған қанішер 84 адамды өлтірген

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
16.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар