Ресейде қанішер 84 адамды өлтірген
Ресейдің Иркутск облысында Михаил Попковқа қатысты іс қозғалды.

Мәліметтерге сәйкес, «Ангар маньягы» атанған Попков 1992 мен 2010 жылдар аралығында 84 адамды өлтірген. Оның құрбандарының бәрі 16 мен 40 жас аралығындағы әйелдер мен милиция қызметкерлері.
2015 жылы қылмыскер 22 адам өлімі үшін сотталды. Бұрын өзі құқық қорғау қызметінде істеген ол «Қара дельфин» ерекше режимдегі түрмеге ауысқан.
322 томнан тұратын қылмыстық іс жақын уақытта сотқа жіберіледі.
Сот психиатрлары Попковқа «гомицидомания» диагнозын қойды. Ол адам өлтіруге деген құмарлық. Бұл дерт психикалық жүйенің бұзылуына қатысты емес.
Тағы оқыңыз:
Ресейде қызғаншақ күйеуі әйелінің қолын шауып тастады
"Балалар еденге жатып, суға түспеген": "Өзенмұнайгаз" қызметкерлерінің балалары барған лагерь талапқа сай болмай шығып, 315 мың теңге айыппұл арқалады
Кей ата-аналар лагерь таңдауда ашықтықтың жоқтығына наразы болған
Неге Қазақстанда ипотека дамыған елдерге қарағанда 5–10 есе қымбат
Ипотека мөлшерлемесі елдің экономикалық жағдайына тәуелді дейді мамандар