Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйгілі футболшы балаларының көзінше әйелін өлтірмек болды

Аргентина футбол құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Лучо Гонсалес әйелі Андрейа Маркесті балаларының көзінше өлтірмек болған, деп хабарлайды Correio da manha басылымына сілтеп Stan.kz.

«Ол мені төсекке итеріп құлатып, тұншықтыра бастады. Осы кезде балаларымызды шақырып, қарап тұруларын бұйырды. Ұлым Маттео әкесін тоқтатуға тырысты. Алайда ол ұлымды итеріп тастап, балағаттады. Мені өлім аузында жатқан күйімде ауруханаға жеткізді», – дейді футболшының жұбайы Маркес.

14 желтоқсанда бразилиялық «Атлетико Паранаэнсе Гонсалеспен арадағы келісім шартты бұзды. Жұбайының айтуынша, клуб басқармасы болған оқиғадан хабардар болғаннан кейін осындай қадамға барған.

Гонсалес франциялық «Марсель» және португалиялық «Порту» футбол клубтары атынан да ойынға шығып жүрген еді. Ол Аргентина құрамасында жүріп 45 ойынға қатысқан екен.

Оқи отырыңыз:

«Ангар маньягы» атанған қанішер 84 адамды өлтірген

Ресейде қызғаншақ күйеуі әйелінің қолын шауып тастады

Америкалық әйел бір мезетте 6 баланы дүниеге әкелді (видео)

Хирург науқасқа айтпай бауырына қолтаңбасын қойған (фото)

Талқылау