Иорданияда түйе етінен жасалған бургерлер пайда болды

Жұма, 12 Ақпан , 2016 8:12

Иордания астанасы Аммандағы мейрамханалар ас мәзіріне жаңа тағам түрін, түйе етінен жасалған бургерді қосты. Осылайша кәсіпкерлер жергілікті клиенттер мен туристерді көптеп тартуды көздейді.

UmsV2Vi

Сурет Liveinternet.ru сайтынан алынды

Бұл туралы 24.kz сайты хабарлайды.

Бұл – Иорданиядағы алғашқы, ал Таяу Шығыстағы түйе етін ұсынып отырған екінші мейрамхана. Идея авторларының айтуынша, туристер мен жергілікті тұрғындар жаңа тағамды жақсы қабылдап жатыр.

“Түйе етін жеуге шақырамын, себебі ол басқа етке қарағанда асқазанға аса салмақ салмайды. Тез, яғни жарты сағатта қорытылып кетеді. Майсыз, сондықтан пайдалы”, – дейді аспаз Нұр әл-Түркмани.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар