Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иманғали Тасмағанбетов ҚР премьер-министрінің орынбасары болды

Иманғали Тасмағанбетов ҚР премьер-министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

30d4ef8a5b8b7e85bfcad0835a2ed6da

Тасмағанбетов бұған дейін ҚР қорғаныс министрінің қызметін атқарған.

Айта кетейік, жуырда ел премьері ауысып, ол орынға бұрын үкімет басшысының орынбасары қызметін атқарған Бақытжан Сағынтаев тағайындалған еді. Ал бүрынғы премьер-министр Кәрім Мәсімов ұлттық қауіпсіздік комитеттің тізгінін қолға алды.

Тасмағамбетов әр жылдары Қазақстанның вице-премьері, білім және мәдениет вице-премьер-министрі, Қазақстан Республикасының президенті әкімшілігінің жетекшісінің орынбасары, Қазақстан президентінің бірінші көмекшісі, Атырау облысының әкімі, Қазақстан премьер-министрі, Мемлекеттік хатшы, Қазақстан Президенті әкімшілігінің жетекшісі, Алматы қаласының әкімі, Астана қаласының әкімі, ҚР қорғаныс министрі қызметтерін атқарды.

Қорғаныс министрі қызметін Сәкен Жасұзақов атқарады.


Жіберіп алмаңыз:

БҚО-да әйел адам қала әкімі болды

Бауыржан Байбек тамыз айының ең үздік әкімі атанды

Өскеменде жігіт оралып қалған туды жөндеу үшін биікке шықты

Талқылау