Бауыржан Байбек тамыз айының ең үздік әкімі атанды

Сенбі, 10 Қыркүйек , 2016 17:27

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек тамыз айындағы ең үздік әкім атанып отыр.

DSC_9995

Фото: 365info.kz

Бұл туралы “Саясат” жобасы хабарлаған.

Сұрау 1-5 тамыз аралығындағы сауалнама негізінде жасалған. Дауыс беруге 26 сарапшы қатысқан: олардың арасында саясаткер, қоғам қайраткері, блогер, журналистер қатысқан. Сауалнама қорытындысы бойынша мынадай рейтинг жасалды:

  1. Бауыржан Байбек, Алматы әкімі.
  2. Қырымбек Көшербаев, Қызылорда облысының әкімі.
  3. Әсет Исекешев, Астана әкімі.
  4. Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе облысының әкімі.
  5. Даниял Ахметов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі.
  6. Бейбіт Атамқұлов, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі.
  7. Кәрім Көкірекбаев, Жамбыл облысының әкімі.
  8. 8. Алик Айдарбаев, Маңғыстау облысының әкімі.
  9. Амандық Баталов, Алматы облысының әкімі.
  10. Алтай Көлгінов, Батыс Қазақстан облысының әкімі.
  11. Ерік Сұлтанов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.
  12. Нұрлан Ноғаев, Атырау облысының әкімі.
  13. Нұрмұхамбет Әбдібеков, Қарағанды облысының әкімі.
  14. Сергей Кулагин, Ақмола облысының әкімі.
  15. Болат Бақауов, Павлодар облысының әкімі.
  16. Архимед Мұхамбетов, Қостанай облысының әкімі.

Байбектің көшбасшылығы, мемлекеттік-жекелей серіктестік даму бағытындағы жұмысымен түсіндірілген. Сауалнамаға қатысушылар, Алматы әкімдігі кәсіпкерлердің әлеуметтік белсенділігі үшін көп жұмыс атқарып жатыр екен. Дәлел ретінде жыл басынан бері қалада 100 мектепке дейінгі білім беру орталықтары ашылған.

“Екіншіден, Кәрім Мәсімовтың жасаған сапары. Ол қаладағы жаңбыр мәселесіне байланысты, әкіммен бірге арықтарды аралаймын деген болатын. Нәтижесінде, әкіммен бірге жасаған “серуені” өте сәтті өтті. Қала билігі премьер-министр алдында лайықты “қорғана” алды”, – деп жазылған материалда.

Сарапшылардың пікірінше, үшінші фактор ретінде қысқы Универсиада аталған. Тамыз айында Алматыда ұйымдастыру комитеті жиын өткізіп, дайындықтың жай-жапсарын жария еткен еді. Ондағы мәліметке сай, әлемдік спорт шарасына дайындық жоғарғы деңгейде.

Еске сала кетсек, Бауыржан Байбек журналистерге өзінің қанша жалақы алатынын айтқан еді.

Оқи отырыңыздар:

Бауыржан Байбекпен «селфилеткен» Лидо «кәрі» атанды

Бауыржан Байбек Инстаграмның арқасында бюджет ақшасын үнемдеп жатқанын айтты

Бауыржан Байбек не себепті Алатау кинотеатрының орнына McDonald’s салатынын түсіндірді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар