Бауыржан Байбек айына қанша жалақы алатынын айтты

Жұма, 9 Қыркүйек , 2016 14:03

Бүгін Ақордада өткен үкіметтің кеңейтілген отырысынан соң журналистерді Алматы әкімінің айына қанша жалақы алатыны қызықтырған.

5f43ca5056fb8e5dc68a4589edd21dfa-small

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

“Айына 600 мың теңгеге жуық айлық аламын. Бұл үкімет бекіткен дәстүрлі кесте бойынша. Бұл жерде ешқандай құпия жоқ”, – деді әкім.

Бұған дейін айына қанша жалақы алатындарын Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жасырмай айтқан болатын. Өңір басшысы айына 863 мың теңгені қалтаға басады екен. Ал орынбасарлары Ғали Ысқақов – 461 мың, Жаңабай Бексары – 503 мың, Асқар Биахметов – 507 мың, Асқар Шериязданов – 511 мың, Мұхтар Жұмағазиев – 518 мың теңге алады.

Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Еспенбетов айына 451 мың теңге жалақы алады. Орынбасар міндетін атқаратын Жандос Байырханов 194 мың, Қуантхан Әлімов 203 мың, Нағымжан Алдияров 194 мың алса, Мадияр Қабылдың жалақысы 199 мың теңге болып бекітілген. Бұл ретте Ақтөбе әкімі аппаратының басшысы Қайрат Райымқұловтың айлығы –  161 мың теңге.

Аймақ басшыларының ішіндегі ең жоғарғы жалақы Қарағанды облысының әкімі Нұрмұханбет Әбдібековке тиесілі: ай сайын 953 мың теңге. Ал Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың жалақысы Бауыржан Байбекпен бірдей, 600 мың теңге.

Оқи отырыңыздар:

Бауыржан Байбекпен «селфилеткен» Лидо «кәрі» атанды

Бауыржан Байбек Инстаграмның арқасында бюджет ақшасын үнемдеп жатқанын айтты

Бауыржан Байбек не себепті Алатау кинотеатрының орнына McDonald’s салатынын түсіндірді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

10
Комментариев
  • Анонимно says:

    Сонда тоймайсындар акшага.халыкты жылаткан акімдер

  • Анонимно says:

    Маскара кара халыкты еш ким ойламайдыго мундай акша алса .Биз 8200 баламыздын акшасына карап отырамыз коп балалары бар аналрага не шамалы акша коспайды екен

  • Анонимно says:

    Биздин 8 айда алатын айлыгымыз гой

  • Анонимно says:

    Алсын! Алсын айналайын,со бәсекең келгелі,Алматым көркейіп келеді!

  • Анонимно says:

    Оте аз алады екен,жетпейтин шыгар .Бирак буларда тагы баска жактан келетин тиындар бар шыгар.

  • Анонимно says:

    Ненің құрметіне сонша көп алады бұлар. Біздің еңбекақымыз 60мың. Ол ақшаға тамақ,киім мезгілге байланысты жəне коммуналдық төлем, телефон т.б. жеткізу керек.

  • Анонимно says:

    Калай жеткизеди екен.

  • Анонимно says:

    Бір “0” нолді азайтып айтып жатқан шығар

  • Анонимно says:

    Мə не деген айлық ен сорлы мұғалімдер екенғой

  • Анонимно says:

    Ойпырмай бул айлык оларга 10кунге де жетпейтін шығар?!

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар