Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да әйел адам қала әкімі болды

Батыс Қазақстан облысындағы Ақсай қаласында әйел адам әкім болып сайланды. Жаңа қала басшысы қызметіне аудандық білім бөлімінің бұрынғы бастығы Айымгүл Тіржанова отырды.

20160912162508

Бұл туралы «Мой город» порталы хабарлады.

Қала басшысын депутаттар сайлады. Қала әкімі қызметіне басты үміткер болып Айымгүл Тіржанованың кандидатурасы аталды, оны Бөрлі ауданының әкімі Бауыржан Халелов ұсынды. Тіржанованың қарсыласы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Алтынбек Бексейітов болды. Сайлауға Бөрлі аудандық мәслихаты 13 депутатының 12-сі қатысты. Олар бірауыздан Айымгүл Тіржановаға дауыс берді.

Бұдан бұрын Ақсай қаласының әкімі Жеткін Ермұқанов болған еді. Ол қала басшысы болып, 2015 жылғы шілдеде тағайындалған еді, бір ғана жыл жұмыс істеп, жақында өз өтінішімен босады.

Айымгүл Мақсұтқызы Тіржанова 1975 жылғы 2 тамызда БҚО Тайпақ ауданы Калмыково кентінде дүниеге келген.

1997 жылы Батыс Қазақстан гуманитарлық университетін «Тарих мұғалімі» мамандығы бойынша бітірді.

2004 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Заңгер» мамандығы бойынша тәмамдады.

Әр жылдары Ақсай қаласындағы №4 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі, Бөрлі ауданы ішкі саясат бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді, спорт және мәдениет бөлімдерін басқарды.

2005 жылғы қыркүйектен осы кезге дейін Бөрлі ауданы білім бөлімінің бастығы болды.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстанда жаңа премьер-министр тағайындалды

Назарбаев Мәсiмовтiң ҰҚК-нің төрағалығына тағайындалу себебiн түсiндiрдi

Асқар Мамин Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

Бауыржан Байбек тамыз айының ең үздік әкімі атанды

Талқылау