Назарбаев Мәсiмовтiң ҰҚК-нің төрағалығына тағайындалу себебiн түсiндiрдi

Жұма, 9 Қыркүйек , 2016 12:27

Ақордада өтiп жатқан Үкiметтiң кеңейтiлген отырысында Нұрсұлтан Назарбаев кешегi ауыс-түйiстердiң себебiн түсiндiрдi.

12852775

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

«Үкiметте болып жатқан өзгерiстердi естiп-бiлiп отырсыздар. Оның өзiнiң логикасы бар. Бiрiншiден, қауiпсiздiкті күшейту, нығайту, деңгейiн көтеру мәселесi бар. Одан кейiн Кәрiм Мәсiмов өзiнiң келiсiмiмен қажеттi жерге барып отыр. Бұл қазiр өте қажеттi болып тұрғанын көрiп отырсыздар. Терроризм, басқа жағы да бар. Тәжiрибесi бар, республиканың жағдайын бiледi деп қойдым», – дейдi Назарбаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, премьер-министрдiң босатылуына байланысты Үкiмет қазiр отставкаға кеттi.

«Көп созбай, бәрiн шешеміз. Жаңа басшылар, жаңа министрлер болады. Онша көп өзгерiс бола қоймас деп санаймын. Себебi, Үкiмет өз жұмысын қиын-қыстау жағдайда орындап отыр. Бүгiн жылдың аяғына дейiн не iстейтiнiмiздi келiсiп алайық», – дейдi елбасы.

Еске сала кетейiк, кеше министрлер кабинетіне жетекшілік еткен Кәрім Мәсімов ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. ҚР премьер-министрінің міндеттерін уақытша атқару Бақытжан Сағынтаевқа жүктелді. Мемлекет басшысының Өкімімен ҚР ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Владимир Жұмақанов Қазақстан президентінің кеңесшісі қызметін атқаратын болды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар