Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде жігіт оралып қалған туды жөндеу үшін биікке шықты

Өскеменге жеткен “Экспедиция 25” тележобасының бір топ ұйымдастырушылары оралып қалған Қазақстан туын көргенде жабырқап қалды, деп хабарлайды Stan.kz.

14316770_1146167695463262_6844299296090588567_n

“Өскеменнің ең биік нүктесіне көтеріліп, жалауымыздың оралып, бүктеліп қалғанын көргенде жайбарақат өтіп кете алмадық (қала күні еді). Біздің қаҺарманымыз “Медиастудия Арша” компаниясының операторы Александр биікке көтеріліп, туымызды дұрыстап қойды! “Экспедиция 25″ жобасында осындай патриоттар бар”, – деп жазды өзінің Facebook желісіндегі парақшасында тележүргізуші Динара Тұрсынова.

14211940_1146167868796578_4892275161632867766_n

Айта кетейік, еліміздің мемлекеттік рәмізі орналасқан тутұғырдың жалпы биіктігі – 40 метр.

“Экспедиция 25 – бұл “Хабар” телеарнасы, “Арша” студиясы мен Қазақ георграфиялық қоғамының бірлесіп әзірлеп жатқан жобасы. Қазақстан тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған жоба республиканың барлық аймақтарында өтіп жатыр.

14211940_1146167788796586_1139197222849130779_n

14199195_1146167752129923_6142191835979788060_n

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.

Жіберіп алмаңыз: 

Қазақша киімде ән салған қара нәсілді қыз жұрттың ашуын келтірді (видео)

Қазақстанда түсік жасатуға тыйым салу ұсынылды

Туған бауырлар аналарының жерлеуіне жұмсалған ақшаға бола соттасты

Талқылау