Қазақстанда түсік жасатуға тыйым салу ұсынылды

Дүйсенбі, 12 Қыркүйек , 2016 14:09

Қазақстанда түсік жасатуға тыйым салу ұсынылды. Психологтар мен дінтанушылардың сөзінше, бұл қадам ана мен баланың өмірін сақтап қалуға көмектеседі.

besplodie-posle-aborta

“Астана” телеарнасының сауалнамасына қатысқан гинекологтардың айтуынша, Қазақстанда жыл санап бала туу жасына жетпеген қыздардың түсік жасатуы жиілеп барады екен.

Ресми статистикаға сәйкес, жыл сайын 100 мыңнан аса болашақ ана жасанды түсік жасатады. Оған есепке алынбайтын жеке-меншік емханаларды қосыңыз.

“Қытайдан әкелінітен дәрілер ше? Оларды сатумен айналысатын адам ол дәріні қай кезеңде тұтыну керектігін білмейді. Ал ондай препараттарды белгілі мерзімде қолдану керек. Алайда жүктіліктің 37, 30 апталарында аталмыш дәріні қабылдаған жандар да бар. Бала толықтай қалыптасып біткен кезеңде бұл дәріден кейін тірі қалса да, денсаулығында кінәрат болуы мүмкін”, – дейді СҚО бойынша отбасын жоспарлау бағдарламасының үйлестірушісі Марина Тимофеева.

Скептиктердің пікірінше, халық саны онсыз да аз Қазақстан үшін бұл проблеманы болдырмау үшін қатаң шаралар қолдану қажет. Дәл осы себепті де елде түсік жасатуға тыйым салу мәселесі қайта қозғалып отыр. Оған әкеліп соқтырған басты себеп – бүгінде түсік жасатуға жасөспірімдер мен бала туу жасына жетпеген (25 жасқа дейінгі) қыздардың жиі түсік жасатуы.

“Конституцияда “мемлекет кез келген адамның құқығын қорғауы тиіс деп” жазылған”. Бала дүниеге келмесе де, оның жүрегі минутына 140 рет соғады. Сол себепті түсік жасатуға заң жүзінде тыйым салған дұрыс деп есептеймін”, -дейді ОҚО дін істері басқармасы “Діни проблемаларды зерттеу орталығының” психологы Мадина Өсімбекова.

Түсік жасатудың салдары неге әкеп соқтыруы мүмкін? Дәрігерлердің айтуынша, әйелдің ағзасында гормоналды өзгерістер орын алып, аборт қабыну, инфекция және ауыр депрессияға душар етуі мүмкін. Ал ең қорқынышты диагноз – әйелдердің бедеу болып қалу мүмкіндігі.  Қазіргі таңда ерлі-зайыптылардың 17 пайызы немесе әрбір бесінші отбасы бедеуліктің зардабын тартып жүр.

Бір ғана Шығыс Қазақстан облысында ЭКО жасатуға кезекте тұрған жұп саны 500-ден асады. Ал бір жылда бұл рәсімді тегін 60 жұп қана жасата алады. Елімізде репродукция жасауға бағытталған 20 клиника бар болғанның өзінде көрсеткіш осы. Денсаулық сақтау Министрлігінің талаптарына сәйкес мемлекеттік тапсырыс тек бес емханада бар. Олар Алматы, Астана және Тараз қалаларында.

Процедураны ақылы түрде жасату үшін бір миллион теңгеден аса қаражат керек.

Дәрігерлер арнайы несиелік бағдарлама ашу ұсынысымен талай банктың табалдырығын тоздырса да, әзірге бұл бастаманы қолдайтын жан табылмаған. Медицина қызметкерлерінің пікірінше, абортқа тыйым салу арқылы бұл мәселені шешу мүмкін емес. Бедеулікке душар болған жұптар мен қалауынан тыс жүкті болып қалған әйелдер одан азаймайтын көрінеді.

“Қазір абортқа заң жүзінде қатаң тыйым салуға болмайды. Ондай жағдайда баланы көшеге тастап кететіндер саны артады, салдарынан қараусыз қалған балалардың саны артады. Панасыз балалар көбейіп, оның ақыры әлеуметтік жанжалға әкеп соқтырады”, – дейді ШҚО қоғамдық кеңесінің өкілі Индира Кәкімова.

Бұл процедураны қолдаушылар да, оған қарсы жандар да көп. Олардың бірі еліміздегі демографиялық ахуалды, ананың медициналық көрсеткіштері мен дінге сенуді, ал екіншілері таңдау еркін және қаржы жағын сөз етеді. Елімізде аналық капитал әлі де құрылмаған. Ал бала өсіру қыруар қаражатты талап етеді. Осы себепті қоғам белсенділері отбасын жоспарлауды кеңінен насихаттау керектігін алға тартуда.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық бойжеткендерге құштарлықты оятатын препаратқа қатысты ескерту жасалды

Туған бауырлар аналарының жерлеуіне жұмсалған ақшаға бола соттасты

Жас қызды ұнатпаған Амантай қажы тағы да тоқал іздеп жүр

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар