Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Илья Ильин ең ауыр салмаққа тапсырыс беріп, тұғырға шықпады

Катардың Доха қаласында «Катар кубогы» халықаралық турнирінің жалғасы болып жатыр. Бұл Токиода өтетін 2020 жылғы Олимпиада ойындарының біліктілік аясы бойынша екінші лицензиялық бастама болып табылады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Илья Ильин ең ауыр салмаққа тапсырыс беріп, тұғырға шықпады

Аталған турнирге тек олимпиадалық салмақ категориялары бар спортшылар ғана қатысады.
Бүгінгі таңда жарыс 109 келіге дейінгі салмақ бойынша өтіп жатыр. Ал бұл жарысқа қатысу үшін Катарға Қазақстанның атынан әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин кеткен болатын.

Біздің отандасымыз барлық қатысушылардың арасында ең үлкен салмаққа тапсырыс беріп, бірақ тұғырға шықпады. Ауыр атлетшінің не себепті мұндай шешім қабылдағаны әзірге белгісіз.

Ильин жұлқа көтеруден 180, ал серпе көтеруден – 215 келіні сұратып, ең ауыр салмаққа тапсырыс берген. Сондай-ақ, мұндай тапсырыс тек украиндық Дмитрий Чумакта ғана болды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау