Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Игра престолов” телехикаясының жұлдыздары отбасын құрды (фото)

Шотландияда әйгілі “Игра престолов” телехикаясының жұлдыздары Кит Харингтон мен Роуз Лесли шаңырақ көтерді. Актерлердің атастырылуы жайлы өткен жылдың қыркүйек айында жария етілген болатын.

"Игра престолов" телехикаясының жұлдыздары отбасын құрды

Бұл туралы BBC-ге сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Некелесу рәсімі Абердиншир графтығында, Инверури қаласына жақын жерде болды. Жас жұбайлардың тойы Вардхилл сарайында өтті. Аталған сарай Леслидің әкесі – Себастьян Леслиге тиесілі.

Киножұлдыздар кортеж үшін лимузиннің орнына ескі Land Rover автокөлігін таңдаған.

Айта кетейік, ағылшын азаматы Харингтон мен шотландиялық Лесли 2012 жылы “Игра престолов” телехикаясының түсірілімінде танысқан.

Салтанатты іс-шара басталмас бұрын Харингтон мен Лесли өздерін құттықтап келген көрермендерге алғыс білдірді.

"Игра престолов" телехикаясының жұлдыздары отбасын құрды (фото)

Той қонақтары қатарында олардың телехикаядағы әріптестері Эмилия Кларк, Софи Тернер, Мэйси Уильямс пен Питер Динклэйдж болды.

Телехикая фанаттары кино кейіпкерлердің шынайы өмірде бас қосқанына қатты қуанды. Кит пен Роуз құрдас, екеуінің де жасы 31-де.

Актерлер бес жыл бойы қарым-қатынастарын жасыруға тырысқан.

“Егер сізге бір адам ұнап, онымен фильмде ғашықтардың рөлін сомдасаңыз, шынайы өмірде ғашық болып қалу оңай”, – деп ағынан жарылған еді актер L’Uomo Vogue журналына берген сұхбатында.

"Игра престолов" телехикаясының жұлдыздары отбасын құрды (фото)

Лесли сериалдағы жұмысын екі жылдан кейін, анығырақ айтқанда кейіпкері көз жұмғаннан кейін тоқтатты. Ал Харингтон сериалдың жеті маусымында да бой көрсетіп, басты жұлдыздардың біріне айналды.

Харингтон продюсерлерден барлық түсірілім тобына демалыс беруді өтінген. Ол екі жастың үйленіп жатқанына фильм авторларының кінәлі екенін айтып қалжыңдаған-ды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау