Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды

Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатының жеңімпазы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото:Icehockey.kz

Андорраның Канильо қаласында өткен шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы ІІ дивизионда чемпион атанды. А тобында өнер көрсеткен құрамамыз барлық матчта жеңіске жетті. Шешуші ойында Испания құрамасына қарсы өткізген хоккейшілеріміз 5:3 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Қазақстан құрамасы 1В дивизионына жолдама алды. 

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының үш ойыншысы әлем чемпионатында үздік деп танылды. Арина Щеколова үздік қақпашы атанса, Александра Шегай үздік шабуылшы болды. 

Талқылау