Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкиннің келесі жекпе-жегіне мықты қарсыластардың тізімі жасалды

Америкалық белгілі бокс шолушыларының бірі Дэн Рафаэль ESPN сайтында жариялаған материалында қазақстандық Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареспен келісімге келе алмаған жағдайда жақсы қарсылас болатын боксшылар тізімін жасапты.

Головкин

«Канелоның» бокстан шеттетілу уақыты қыркүйектің ортасында аяқталады. Головкиннің өзі мексикалықпен кездесуге ниетті екенін білдірді. Дегенмен Альварес – Головкин жекпе-жегі тағы өтпеуі мүмкін деген қауесеттер шығып отыр, деп жазады vesti.kz

Осыған байланысты Дэн Рафаэль Головкинмен шаршы алаңда көргісі келетін боксшылар тізімін жасады. Бұл рейтингте жеңіліп көрмеген америкалық Джермалл Чарло бар. Ол орта салмақта WBC тұжырымы бойынша уақытша чемпион, сонымен қатар Головкинге міндетті қарсылас. Екінші британиялық Билли Джо Сондерс (26-0, 12 KO), Головкинге абсалют чемпион болу үшін жетпей тұрған WBO белбеуіне ие. Үшінші Головкиннің IBF желісі міндетті қарсыласы – украиналық Сергей Деревянченко (12-0, 10 KO). Төртінші америкалық Дэниэл Джейкобс (34-2, 29 KO), ол 2017 жылдың наурызында Головкинмен жұдырықтасып, төрешілер шешімімен ұтылған. Сонымен бірге бұл тізімде WBA ұйымының чемпионы Риота Мурата (14-1, 11 KO) және америкалық Деметриус Андераде (25-0, 16 KO) бар.

Тағы да оқыңыз:

Шымкентте Тоқтар Төлешовтің тоқалы тіккен киімдерін көрсетті (фото)

Күндіз үй шаруасын істетіп, түнде жезөкшелікке салған: Алматыда саудагерлер құтқарып қалған қыздың оқиғасы

Тұрсынбектің әйелінің елдегі қарызы жайлы айтатындай не болды: Журналист ұлттық арнаны сынға алды

Талқылау