Головкин Альвареспен бірінші кездесуде өзінің толық дайын болмағанын мойындады

Отандасымыз бірінші кездесуде неге аз соққы жасағанын айтты.

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) Yahoo! Sports порталының шолушысы Кевин Айолиге берген сұқбатында мексикалық Сауль “Канело” Альвареске (49-1-2, 34 КО) қарсы өткен бірінші кездесуге дайын болмағанын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Екі боксшы өткен жылдың қыркүйек айында Лас-Вегастағы T-Mobile Arena спорт кешенінде кездесіп, 12 раундтың қорытындысы бойынша тең түскен болатын. Енді бұл боксшылар арасындағы екінші кездесу Лас-Вегаста 5 мамыр күні өтеді.

“Бірінші кездесудің алдында “Канело” маған нағыз мексикалық стильдің қандай болатынын көрсететінін айтты. Бірақ оның орнына ол рингте қашып жүрді. Бұл мені шамалы таңғалдырды. Мүмкін мен әр раундқа дайын болмаған шығармын. Жекпе-жектің бірінші бөлігіне дайын болдым. Бірақ екінші бөлігіне дайын болмадым. Енді мен екінші бөлімінде көбірек драма мен экшн көрсететінімді білемін. Бірінші жекпе-жекке 100% дайын болмадым. Ал енді дайынмын.

Не үшін бүйірден аз соққы жасадым дейсіз бе? Өйткені, “Канело” үнемі қимылдап, бір орында тұрмады. Мен де оның алдында тұрмадым. Оған соққымды өткізу қиын болды.

Лас-Вегасқа қайта оралу мен үшін проблема емес. Себебі, бұл бокс. Ал мен боксшымын. Бірінші жекпе-жек есімде. Қазір өзімді жақсы сезініп жүрмін. Мен өзімді, өз командамды және мені қолдайтын адамдарды білемін. Бірінші кездесуде кімнің жеңгенін барлығы біледі”, – дейді Геннадий Головкин.

Тағы да оқыңыз:

Ақмола облысының әкімі үкімет отырысының “шырқын бұзды”

Атырауда соқыр ішегіне ота жасатқан 5 жасар бала көз жұмды

Алматы облысының тұрғыны: Интернат тәрбиешісі 11 жасар аурушаң ұлымның қасына жалаңаштанып төсекте жатқан

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
24.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар