Геннадий Головкин Лондондағы 02 аренаға келіп жетті (видео)

Жексенбі, 11 Қыркүйек , 2016 2:07

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин британиялық Келл Брукке қарсы жекпе-жекті өткізу үшін Лондондағы 02 аренаға келіп жетті.

-B8hHtXpqDY (1)

Фото: vk.com

Қазақстандық спорт аренасына өз командасымен бірге келген. Ол көліктен құлаққап таққан күйі түсіпті. Оның сондай-ақ, шаршы алаңға қандай спорттық киімде шығатыны да белгілі болды. Бұл ВКонтакте желісіндегі GGG ресми парақшасында жарияланды.

nc1GvDyfzQg

Головкин-Брук жекпе-жегі бүгінгі бокс кешіндегі басты кездесу. Қазіргі таңда бокс кешінің трансляциясын “Қазақстан” және Kazsport телеарналары тікелей эфирде таратуда.

Головкин-Брук шайқасы Астана уақытымен сағат 03:30 да басталады. Қазіргі таңда басты жекпе-жекке дейінгі бұл андеркарттағы кездесулер өткізілуде. Бұған дейін Гена аталмыш жекпе-жек барысында төрешілер шешімі қажет болады деп ойламайтынын айтқан еді. Сондай-ақ, әйгілі футболшы Златан Ибрагимовичтің Головкинге жанкүйер болуы үшін бокс кешіне арнайы баратындығы айтылған еді.

Айта кеткен жөн, соңғы салмақ өлшеу рәсімінде Головкин Бруктан жеңілірек болып шықты. Қазақстандық боксшының салмағы 158,9 фунт (72 келі 158 грамм), ал британдық боксшы 159,4 фунт (72 келі 302 грамм) тартты. Осылайша, екі боксшы да 160 фунтқа дейінгі орта салмақ лимитіне жатады.

Оқи отырыңыздар:

Головкин-Брук жекпе-жегі твиттерде хитке айналды

Геннадий Головкиннің шапаны шаршы алаңға киіп шығуға дайын

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар