Головкин-Брук айқасының нақты уақыты белгілі болды
Геннадий Головкин мен Келл Брук арасындағы жекпе-жектің нақты басталу уақыты белгілі болды. Бұл туралы Қазақпарат жазды.

Қыркүйектің 10-ынан 11-іне қараған түні Лондондағы О2 аренасында өтетін кештің басты жекпе-жегі Астана уақытымен сағат 03:30-ға жоспарланып отыр. Бұл туралы өзінің Twitter парақшасында белгілі ресейлік бокс комментаторы және тілші Григорий Стангрит мәлімдеді.
Айта кеткен жөн, соңғы салмақ өлшеу рәсімінде Головкин Бруктан жеңілірек болып шықты. Қазақстандық боксшының салмағы 158,9 фунт (72 келі 158 грамм), ал британдық боксшы 159,4 фунт (72 келі 302 грамм) тартты. Осылайша, екі боксшы да 160 фунтқа дейінгі орта салмақ лимитіне жатады.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды