Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лондонда Головкин-Брук бокс кеші басталды

Лондондағы О2 аренасында кәсіпқой бокс кеші басталды. Бұл бокс кешінің басты жекпе-жегі қазақстандық Геннадий Головкин мен британиялық Келл Брук арасында өтеді.

ujkjk

Головкин-Брук кездесуі Астана уақытымен 03:30 да басталады. Бұған дейін көрермендер тоғыз жекпе-жекті тамашалай алады.

Олардың қатарында: Ли Хаскинс – Стюарт Холл; Мартин Джозеф Уорд – Энди Таунэнд; Каллум Смит – Норберт Немесапати; Джон Риэль Касимеро – Чарли Эдвардс; Гэвин Макдоннелл – Робин Самора; Кид Гэлахад – Эмильяно Сальвини; Пол Смит – Даниэль Реги; Крейг Ричардс – Дэлтон Миллер; Конор Бенн – Джо Дакер жекпе-жектері болады.

Бұған дейін Гена аталмыш жекпе-жек барысында төрешілер шешімі қажет болады деп ойламайтынын айтқан еді. Сондай-ақ, әйгілі футболшы Златан Ибрагимовичтің Головкинге жанкүйер болуы үшін бокс кешіне арнайы баратындығы айтылған еді.

Оқи отырыңыздар:

Диана Шарапова Геннадий Головкинді қолдау мақсатында клип шығарды (видео)

Ашық алаңда жаттыққан Головкинге Лондон халқы тамсана қарады (фото, видео)

Келл Бруктың Головкинмен жекпе-жегі үшін қанша қаражат алатыны белгілі болды

Головкин 2004 жылғы Олимпиададағы әділетсіздіктерді айтып берді

Талқылау