Диана Шарапова Геннадий Головкинді қолдау мақсатында клип шығарды (видео)
Қазақстандық әнші Диана Шарапова Геннадий Головкин мен Келл Брук кездесуінің алдында Gena King әніне бейнебаян түсірді.
Клипке еліміздің намысын Риода қорғаған спортшылар түскен. Олардың арасында күміс жүлдегер Елдос Сметов, таэквондошы Руслан Жапаров, боксшы Олжас Сәттібаев және жүзуден 11 дүркін әлем рекордының иесі, биылғы паралимпиада ойындарындағы жүлдеге басты үміткер Зульфия Габидуллина түскен.
Түсірілім барысында Шарапова жүгіріп, жұдырықтасып, түрлі жаттығуларды орындаған. Сондай-ақ, қазақтың ұлттық тағамдары да көрініс тауып, спортшылардың сол тағамдармен азықтанып, күш жинайтындығы да айқын көрсетіледі.
Айта кетейік, 10 қыркүйек күні Лондондағы О2 аренада өтетін бокс кешінде Головкин орта салмақтағы IBF тұжырымының чемпионы британиялық Келл Брукпен (36-0, 25 КО) күш сынасады.
“Қазақстан”және KazSport телеарналары жекпе-жектерді тікелей эфирде көрсетеді. Бокс кеші Астана уақытымен түнгі 23:00-де басталады.
Бұған дейін Гена аталмыш жекпе-жек барысында төрешілер шешімі қажет болады деп ойламайтынын айтқан еді. Сондай-ақ, әйгілі футболшы Златан Ибрагимовичтің Головкинге жанкүйер болуы үшін бокс кешіне арнайы баратындығы айтылған еді.
Оқи отырыңыздар:
Головкин кубалық боксшымен жұдырықтасудан бас тартты
Головкин FightHub TV тілшісінің қолын сындыра жаздады (видео)