Головкин кубалық боксшымен жұдырықтасудан бас тартты

Сәрсенбі, 31 Тамыз , 2016 14:22

Мұндай мәлімдемені Батыс БАҚ-тарына сұхбат берген Сауль Канело Альварес жасаған. Оның ойынша жартылай орта және алғашқы орта салмақ категориясындағы кубалық кәсіпқой боксшы Эрисланди Лара қазақстандық боксшыға біраз қиындық тудыруы мүмкін.

1431399529_141018-golovkin-rubio-03
Фото: ztb.kz

“Лара GGG-ді жекпе-жекке шақырған, бірақ Головкин мұны қаламайды. Эрисланди Лара – 154 фунттағы өте керемет боксшы. Оны өте жақсы деп бағалауға болады. Оның ұсыныстарын Головкин қабылдамай жатыр”, – деді Канело.

Ол сондай-ақ, өзінің Головкинмен кездесуі туралы пікірімен бөлісті.

“Головкинмен келіссөз жүргізу кезінде мен А тарапымын. Бұл күмәнсіз және ол жекпе-жекке мен қалаған кезде ғана болады. Міне осылай”, – деді мексикалық боксшы.

Бұған дейін әйгілі футболшы Златан Ибрагимовичтің Головкинге жанкүйер болуы үшін бокс кешіне арнайы баратындығы айтылған еді.

34-жастағы Головкин биыл екінші жекпе-жегін өткізбек. Бұған дейін ол 2016 жылы сәуір айында Доминик Уэйдті сұлатып салған еді. Сарапшылардың басым бөлігі алдағы жекпе-жекте бокстан WBC, WBA (Super), IBO, IBF версиялары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (35-0, 32 КО) жеңіп шығатынына сенімді.

Бұған дейін Гена аталмыш жекпе-жек барысында төрешілер шешімі қажет болады деп ойламайтынын айтқан еді.

Айта кетейік, отандасымыз 10 қыркүйек күні Астана уақытымен түнгі 23:00-де Лондондағы О2 аренада британиялық боксшы Келл Брукқа қарсы кезекті жекпе-жегін өткізеді. Бокс кешін “Қазақстан” және KazSport арналары тікелей эфирде көрсетеді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар