Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғасырдың медициналық жұмбағы: Пәкістанда ағайындылар кеш түскенде қозғала алмай қалады

Пәкістан дәрігерлері күн батқаннан кейін өздерінің қозғалыс функциясын жоғалтып алған екі ағайынды баланы тексеруді әлі жалғастыруда.

6565

Пәкістандағы отбасылардың бірінде өз құрдастарынан ерекше екі бала өсіп келеді. 13 жастағы Ахмед Шоаиб пен оның 9 жасар інісі Абдул Рашид мектепте оқып, көшеде достарымен ойнап жүреді. Бірақ кеш батысымен екеуі де құлап түседі: еш қозғалыс жасай алмай, ауыздарын да, көздерін де аша алмай қалады.

Бұл әлем бойынша алғаш рет кездесіп отырған жағдай. Қазір дәрігерлер екеуін мұқият зерттеп жатыр. Екі ағайындыны Исламабад ауруханасында тегін тексеруде. Қазірге дейін 300-ден астам сынақ жасалғанына қарамастан, әлі нақты себебі айқындалар емес,

Дәрігерлер аңғарған жалғыз нәрсе – жарықпен байланыстың үзілуі. Сынақ барысында ағайындылар күндіз қараңғы бөлмеге орналастырылған. Бірақ, бұл олардың әрекеттеріне еш әсер етпеген.

Пәкістандық мамандар балалар тұратын ауылдың топырағын, талдарын, ауасын да зерттеген. Балалардың қаны шетелдік дәрігерлерге жіберілген. Бірақ, әзірге мықты деген ақ халаттылардың өздері сараптама жасай алатын емес.

66666

Генетикалық ауытқушылықтың басты нұсқасы ретінде қан араласуы айтылуда. Яғни, балалардың әкесі мен анасы жақын туыстар, немере ағалы-қарындастылар. Олардың үшінші балаларынан да осы аурудың белгілері байқала бастаған.

Дәрігерлер зерттеуді жалғастырып жатыр. Олардың бұл жұмбақты шеше алатындығы әлі белгісіз. Бірақ, медициналық көмек оларға аз да болса септігін тигізген: бірқатар дәрілер ағайындылардың кешкі уақытта белсенділігін сақтауға көмектесіп, ұйқыға өз еріктерімен жатуға бейімдеген. Ал олар осыған дейін белсенділіктен автоматты түрде айырылып қалатын еді.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандықтар таңдаған елдің құрметті азаматына пәтер сыйға берілмек

Қызылорда облысында балаларын алапат өрттен аман алып қалған ана көз жұмды

Майғазиев пен оның жұбайының ортасына тұрып алған Ахмадиева сынға қалды

Қазақстанда Назарбаевтың суреті басылған 10 мың теңгелік қағаз ақша пайда болды

Талқылау