Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар смартфонға арналған өздігінен қалпына келетін әйнектерді ойлап шығарды

Риверсайдтағы Калифорния университетінің ғалымдары өз-өзінен қалпына келетін смартфон әйнегін ойлап тапты.

20170417132146

Бұл туралы ТАСС хабарлайды.

Ғылыми топтың жетекшісі Чао Ванның айтуынша, жаңа материалдан жасалған шыны түрлі жырық, сызаттардың пайда болғанына қарамастан өздігінен қалпына келеді.

“Біз құрастырған әйнек электронды ток өткізе алады, сол себепті оны смартфон және басқа да ұялы техникалардың дисплейі ретінде пайдалану ақылға қонымды”, – дейді ғалым.

Оның айтуынша егер құрастырылған материалды ортасынан қақ бөлген күннің өзінде ол тәулікке жетпестен бір-бірімен қиысып, қайтадан бітеқайнасып кетеді екен. Сондай-ақ, оның иілгіштік қасиеті бар және алғашқы көлемінен 50 есе ұзындыққа дейін созыла алады. Ғалымның сөзінше, жаңа материал алдағы үш жыл көлемінде саудаға шығарылмақ.

Материал негізін молекулярлық байланыс құрап тұр. Егер оған сызат түссе молекулалар бір-біріне жақындап, үйлесіп, тура алғашқыдағыдай бітісіп кетеді. Мамандар бұл материалды смартфоннан бөлек, роботтар және басқа да техникаларды жасау үшін қолдануға болады дейді. Айтуларынша мұндай материал жасап шығуға олардың ықыласын оятқан нәрсе “Икс Адамдар” комиксіндегі кейіпкер екен.

Оқи отырыңыз:

АҚШ-та YouTube арқылы көлік айдауды үйренген бала үш шақырымды жүріп өткен

82 жастағы Жапония азаматы түнгі клубта диджей болып жұмыс істейді

Ғалымдар: Мектептердегі тегін таңғы ас баланың оқу үлгерімін арттырады

Бойжеткен селфиге түсуге құмарлығының арқасында өз өмірін құтқарып қалды

Талқылау