Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар ғашық болудың денсаулыққа пайдасы туралы айтты

Батыс Венгрия Университетінің ғалымдары ғашық болу адамның бас миына ықпал ететінін және жалпы организмге «емдік» әсері бар екенін анықтады.

Ғалымдар ғашық болудың денсаулыққа қандай пайдасы бар екенін айтты

Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Басылым мәліметінше, ғашықтық мидың есте сақтау және шешім қабылдау процестеріне жауап беретін 12 бөлігінің белсенділігін арттырады. Өз кезегінде ол адамның күнделікті өмірі мен жұмысында табыстылығының артуына әсер етеді.

Нейробиологтардың сөзінше, ғашық болу миға гормондардың бірден бірнеше түрінің түсуіне мүмкіндік береді. Олардың қатарында дофамин мен окситоцин бар. Бұл гормондар ойлау қабілетін жақсартып, шешімді анағұрлым дұрыс қабылдауға ықпал етеді.

Сонымен қатар ғашықтық организмнің инфекциялармен күресу қабілетін де жақсартады. Әр түрлі жастағы 50 әйелге жүргізілген зерттеу нәтижесі ғашық адамдардың иммунитеті жоғары болатынын көрсетті. Ғалымдардың мәліметінше, ғашықтардың организмі инфекция және вирустармен өздігінен күресе алады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау