Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар ежелгі континенттердің тағы бір құпиясын ашты

Канада, Ресей, Швеция елдерінің геофизиктерінен құралған ғылыми топ 700 миллион жылдай уақыт бұрынғы Колумбия мен Родиния елінің бір болған жобасын құрастырды.

b365599891b78597d4b0ac214e5c8abb

Ғалымдардың зерттеу нәтижелері Nature Geoscience жуналында жарияланды. Олар Солтүстік Америка мен оңтүстік Сібір елдерінің орналасуы мен құрылымын, химиялық құрамын зерттей келе, ұқсастықтарын атап өтті. Бұл дегеніміз, Солтүсік Америка мен Сібірдің бір континеттің құрамына кіргенін, біртұтас болғанын білдіреді.

Көптеген мамандар континенттің қозғалысын әр жылдан бері зерттеп келеді. Олардың айтуынша, 600 миллион жылда барлық континенті блоктар біртұтастанып, сосын жаңа формада қайта ыдырайды.

7ead1cf0e18b1bfe6beaff64875913de

Гипотетикалық суперконтинент Родиния шамамен 1,1 миллиард жыл бұрын пайда болып, 750 миллион жыл бұрын ыдыраған. Колумбия континентінің пайда болғаны жайлы алғаш 2002 жылы айтылды. Колумбияның пайда болу уақыты палеопротерозойд дәуіріне жатады. Сондықтан ол көне континенттердің бірі деуге болады.

Жіберіп алмаңыз:

Ғалымдар “Тоғызыншы планетаның” Жерге қауіп тигізетінін айтады

Талқылау