Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар әйелдердің неліктен ерлерге қарағанда ұзағырақ өмір сүретінін анықтады

Әйелдер қартаюды баяулататын ерекше геннің әсерінен ерлерге қарағанда ұзақ өмір сүреді. Адамдардың өмірінің ұзақтығын зерттеп жүрген халықаралық ғалымдар тобы осындай мәлімдеме жасады. Генетиктердің пікірінше, әйелдердің өмір сүру ұзақтығына бірқатар әлеуметтік фактор да әсер етеді екен.

Ғалымдар әйелдердің неліктен ерлерге қарағанда ұзағырақ өмір сүретінін анықтады

Бұл туралы Aging Cell басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Калифорния университетінің профессорлары ер адамдардың бойындағы Y-хромосомасын жан-жақты зерттеп, онда өмірлік маңызы бар гендердің жоқ екенін анықтаған. Ал әйелдердегі X-хромосомасындағы бұзушылықтар қос жыныс өкілдеріне де әсер ететін көрінеді. Әйелдердің генетикасының бұл ерекшелігі ғалымдарға нәзік жандылардың өмірінің ұзақтығы туралы ой салды.

Ғалымдар өз болжамын дәлелдеу үшін, кеміргіштердің 4 тобын – аталық және ұрғашы тышқандарды өсірген.

Ғалымдар XY-хромосомаларының жиынтығы бар «трансгендерлі» тышқандарды, сонымен қатар XX-хромосомалары бар аталық кеміргіштерді өсіріп, соңғыларына жетіспейтін Y-хромосомаларын енгізген. Артынша мамандар 3 жыл бойы олардың тірлішігін бақылапты.

Нәтижесінде әйелдердің хромосомалары бар кеміргіштер өзге аталақ тышқандарға қарағанда ұзағырақ өмір сүрген.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сәйкес, ер адамдардың өмірінің орташа ұзақтығы – 68 жас, ал әйелдердікі – 73 жас.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау