Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар ауырмау үшін қалай тамақтану керектігін айтты

Егер сіз пайдалы тағамдармен тамақтануды жөн көрсеңіз, оларды қандай мөлшерде, нені тұтыну керектігі жайлы ақпаратқа қаныққан боларсыз. Stan.kz ақпараттық агенттігі назарларыңызға ғалымдардың тамақтануға қатысты жаңа әрі тиімді зерттеу әдісін ұсынады

 

 

Ғалымдардың зерттеуі бойынша, тамақтанатын уақытыңызды бақылау керексіз.

Диетологтар әрдайым белгілі бір аралықпен тамақтанып, оған арналған уақытты жіберіп алмауға кеңес береді.

Жаңа зерттеуге сенсек, тамақ қабылдау уақытын бақылау — маңызды.  Осы зерттеу циркадты ырғаққа, біздің ағзамыздың ішкі ырғағына шоғырланған.

Зерттеудің негізгі қорытындысы бойынша, біз ұйқыдан тұрған соң, алғашқы 8-10 сағатта тамақтануымыз керек.  Ағзаға асты қорытқанға, демалуға және қайтадан қалпына келуге  жеткілікті уақыт беру үшін осы уақыт аралығын ұстану қажет.

Далласта орналасқан биологиялық зерттеулер университетінің профессоры, “Циркадты код” кітабының авторы, дәрігер Сатчин Панда Би-би-сиге берген сұхбатында біздің ағзамыздың циркадты ырғақпен жақсырақ жұмыс істейтінін айтты. Ол өз кітабын осы мәселені 10 жыл бойы зерттегеннен соң жазған.

“Шамамен біздің ағзамыздың әр жасушасында циркадты сағат бар. Ол біздің 24 сағаттық цикліміз”, —дейді ол.

“Ұйқыға арнайы уақыт белгіленгендей, тамақтанудың, оқудың, физикалық жаттығу жасаудың да өз уақыты бар. Біздің ағзамыз тамақты алғашқы 8-10 сағатта, максималды түрде 12 сағатта қорытатыны анықталды”,  — дейді Сатчин Панда.

Дәрігер Панда және оның әріптестері “тамақтанудан демалыс” тұжырымдамасын 10 жыл көлемінде зерттеген. 2012 жылы олар зерттеуді тышқандарға жүргізді.

Тышқандардың бірінші тобына майлы тамақты берді. Олар кез келген уақытта тамақтана алатын. Ал екінші топтағы тышқандарға дәл сол тамақ алғашқы сегіз сағатта берілді. Нақтырақ айтқанда, дәрігерлер оларды ұйқыларынан оянғанда тамақтандырды.

Панданың айтуынша, қалаған уақытында тамақтанған тышқандар диабет және семіздікпен ауырып қалды. Сонымен қатар, олардың қандарында холестерин мен ішек ауруларының деңгейі жоғары болды.

Бір таңғаларлығы, дәл сол тағаммен сегіз сағатта тамақтанған тышқандар ешқандай аурумен ауырмады.

Дәрігер Панданың сөзінше, біз тамақ ішпегенде қоршаған ортадан және тағамнан ағзаға жиналған  улы заттар азаяды, холестериннің деңгейі төмендейді. Бұлшықеттер, тері, ішектің қабығы, тіпті ДНҚ бір қалыпқа қайтып келеді.

Егер біз ұйқыдан оянғанымызға 10 сағат өткеннен кейін  тамақтансақ, бұл процесстер бұзылады. Себебі, ағза тамақты қорытуға және нәрлі заттарды іріктеуге күш жұмсайды.

“Интервалды тамақтану денсаулыққа жақсы әсерін тигізеді. Ғылыми тілде біз осыны “тамақтанудан демалу” немесе “демалып тамақтану” деп атаймыз. Адамдардың көбісі ауыз бекіту деген атауды ұната бермейді”, — дейді Дәрігер Панда.

“Біз сіздерге қанша және нені жеу керектігін бұйырмаймыз. Бірақ тамақты дұрыс ішуге зер салыңыз. Сегіз және он сағаттың, максималды түрде он екі сағаттың ішінде тамақтанып үлгеріңіз. Егер басқа уақытта тамақтансаңыз, пайдалы тағам зиянын тигізу мүмкін”, — дейді ол.

Дәрігер Панданың нәтижесі басқа зерттеулермен де расталып жатыр.

“Бір зерттеу әр түн сайын 13 сағатқа  аш қалған әйелдерде сүт безі қатерлі ісігінің туу қауіпі төмен екенін көрсетті”, — дейді дәрігер.

Бұл зерттеу ұйқыға жатқанша тамақтанатын әрі белгілі бір уақытпен тамақтанбайтын, бірақ белсенді өмір салтын ұстанатын заманауи адамдардың көңілін қалдыру мүмкін.

2015 жылы дәрігер Панда өз әдеттерін смартфонға арналған қосымша арқылы бақылауға келісім берген еріктілер, күніне 15 және одан да көп сағат тамақтанатынын анықтаған.

Бірақ зерттеулерде көрсетілгендей, 14 сағаттан астам уақыт тамақтанған, артық салмағы бар адамдар 16 апта көлемінде 10-11 сағаттың ішінде тамақ ішкен. Осы арқылы салмақ тастаған. Барлығы энергияларының артып, жақсы ұйықтай бастағандарын айтты.

Бір жыл көлемінде осы әдіс жақсы әсер берді.

 

Талқылау