Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалым Қабдунасыров Азия чемпионатының қола жүлдесіне таласады

Ғалым Қабдунасыров Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына жолдама ала алмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

60 келі салмақта белдескен балуанымыз қарсыластарының барлығын айқын басымдықпен ұтты. Әуелі үндістандық қарсыласын 9:0 есебімен ұтса, ширек финалда әлем чемпионатының қола жүлдегері корейлік Ким Сангакты уақытынан бұрын жеңді. Бірақ жартылай финалда жапон балуаны Инабадан 3:8 есебімен ұтылып, Азия чемпионатының алтынына таласуға мүмкіндігінен айырылды. Енді отандасымыз қола жүлде үшін белдеседі.

Айта кетейік, бұған дейін “классиктерден” 63 келідегі Ержет Жарылқасын өзінің мансабында алғаш рет Азия чемпионы атанғанын, 77 келідегі Магомед Ибрагимовтің қола, 87 келідегі Нұрсұлтан Тұрсыновтың күміс жүлдегер атанғанын жазған едік.

Талқылау