Гүлнәз Жоланованың аралда түскен жартылай жалаңаш суреттері жұртқа жақпай қалды (фото, видео)

Бейсенбі, 25 Тамыз , 2016 9:20

Дәл қазір актриса Гүлнәз Жоланова Тайланд елінің Ко Чанг аралында демалып жатыр. Аталған аралда бойжеткеннің жартылай ашық киіммен жүргені жұртқа жақпай қалды.

image

Фото: instagram.com/zholanova_gulnaz/

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Күні кеше Гүлнәз Жоланованың “Қашқарға саяхат” фильміне түсіп жатқаны туралы айтқан болатынбыз. Бойжеткен аталған фильмде Шоқан Уәлихановтың сүйіктісі Ажар есімді бойжеткенді сомдайды екен. Актриса түсірілім жұмыстарының өзіне әлдеқайда қиынға соққанын айтқан болатын. Осыған орай, ол демалысқа шыға салысымен Тайланд еліне аттанған-ды. Дәл қазір аталған елдің Ко Чанг аралында құрбысымен бірге демалып жатыр.

13721151_1596106250684846_959465442_n

13643041_163950040676600_23820774_n

Актриса бірнеше күннен бері инстаграм парақшасы арқылы су киімімен түскен суреттерін бөлісіп жүр. Арасында суға секіргені таспаланған видео да бар. Аталған суреттер мен видеоларды көрген желі қолданушылары түрлі пікір білдірді. Бірі Гүлнәздің сұлулығына тамсана қараса, екіншілері оның инабатты мінезіне қатысты ойын өзгерткенін айтып жатты.

“Қазақ қызы ашық-шашық киінбеген”, “Сіңілім, қатты ашық киініпсің. Жаратқан жүрегіңе иман берсін”, “Мен сені жақсы көретін едім ибалы қазақ қызы деп. Неге ашық-шашық фото салдың?! Енді маған ұнамайсың!” дейді желі қолданушылары. Мұнымен қатар, “Гүлнәз, сіз сондай кереметсіз! Сіз маған қатты ұнайсыз. Әрдайым өзіңізді дамытып отырасыз. Сізге қарап шабыт аламын”, “Көріктісің, көріктісің! Осы сөздер тура саған қаратып айтылған сияқты. Қазақ қыздары қашан да көрікті ғой” деп жағымды пікір білдіргендер де болды.


Жіберіп алмаңыз:

Гүлнәз Жоланова өз қолымен “чак-чак” әзірледі (видео)

Гүлнәз Жоланова Кореяға не үшін барғанын айтты

“Қазақ аруы” байқауынан кейін бағы жанған сұлулар

Актриса Гүлнәз Жоланова байқау ұйымдастырып, жеңімпазды бір күнде анықтады

Қазақ аруы атанған Гүлнәз Жоланова жуырда ұзатылады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар