Футзал: Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионын ұтып, жартылай финалға жолдама алды

Сәрсенбі, 10 Ақпан , 2016 7:17

Сербияның Белград қаласында футзалдан өтіп жатқан Еуропа біріншілігінде Қазақстан құрамасы Италияны 5:2 есебімен ұтып, жартылай финалға жолдама алды.

d89bed95c9bae8ab639be96b2cd4fea0

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Қазақстан мұндай додаға алғаш рет қатысып жатса, Италия құрамасы Еуропа чемпионы ғана емес, әлем біріншілігінде күміс, қола жүлдегер атанып жүрген мықты команда еді. Осыған дейін қақпасына бірде-бір гол өткізбеген италиялықтар (бұл команданың да негізін бразилиялықтар құрайды) Қазақстаннан мұндай тойтарыс аламыз деп күтпесе керек.

Есесіне қазақстандықтар батыл қимылдап, қарсыласының қадамын тұсап тастады. Қазақстандық қақпашы Игитаның шабуылға қосылуы да қарсыластарды әбден абдыратты. Сондай шабуылдардың бірінде команда капитаны Дінмұхамбет Сүлейменовтен дәл пас алған Лео бірінші голды соқты. Көп ұзамай Леоның қатты соққысын әлемдегі үздік қақпашылардың бірі делінетін Стефано Маммарелла қақшып ұстай алмағаннан кейін оны Серік Жаманқұлов қақпаға сүңгітті. Бұл чемпионат мергендерінің бірі Серіктің төртінші голы еді.

Екінші таймда ерекше сілкініп шыққан Италия құрамасының шабуылшысы Фортино 23-минутта есепті қысқартты. Бірақ 30 секунд өтер-өтпесте Европа чемпиондарының қатесін пайдаланған Шыңғыс Есенаманов есепті 3:1-ге жеткізді. Бұдан кейін Италия құрамасы қақпашысын алып тастап, ойнауға көшті. Сондай сәтте С.Жаманқұлов алыстан бағыттаған доп бос қалған қақпадан қиыс кетті.  37-минутта Каналь есепті қайта 3:2-ге дейін жеткізді. Осы сәтте Қазақстан құрамасының бас бапкері Какау үзіліс алып, ойыншылар алаңға шыққан мезетте қазақстандықтар тағы бір голды соқты. Үздік ойыншылардың бірі Шыңғыс Есенаманов  тепкен доп бағанадан кері қайтқанмен, қақпа алдындағы бұл мүмкіндікті Дәурен Нұрғожин мүлт жіберген жоқ. Соңғы секундтарда Лео алыстан бос қалған қақпаны дәл көздеп, қос голдың авторы атанды.

Осылайша Еуропа чемпионын қапы қалдырған Қазақстан құрамасы жартылай финалға шықты. Жартылай финал кездесулері бейсенбі күні өтеді. Алдымен алаң иелері Сербия мен Ресей құрамалары ойнайды. Содан кейін Қазақстан мен әлемдегі  тағы бір мықты командалардың бірі Испания күш сынасады. Өкінішке қарай, Италиямен ойында чемпионаттағы екінші ескертуін алған қақпашы Игита Испаниямен кездесуге қатыса алмайды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар