Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Футболдан Қазақстан құрамасы Грузиямен тең түсті (видео)

Футболдан Қазақстан құрамасы Грузия құрамасымен жолдастық кездесу өткізіп, тең тарқасты. Тбилисидегі Борис Пайчадзе атындағы стадионда өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталды.

ыссы

 

Бұл туралы vesti.kz сайты хабарлайды.

Бұл ойын Қазақстан құрамасының осы жылдағы екінші ойыны болды. Әзербайжан құрамасын жеңгеннен кейін, жанкүйерлер Қазақстан құрамасынан бұл ойында да жеңіс күткен.

Грузия құрамасын қазақстандықтарға жақсы таныс бапкер Владимир Вайс баптап шықты. Ол осыған дейін алматылық “Қайратты” үш маусым қатарынан жаттықтырып, ірі жетістіктерге жеткен болатын. Қазақстан құрамасының бұл жолғы құрамы жанкүйерлер арасында жиі талқыланды. Байсуфинов пен Мазбаев бастаған бапкерлер құрамаға көбіне қазақ футболшыларды тартып, легионерлер санын мүлде қысқартқан. Сондай-ақ, Грузиямен болған ойынға бес жыл үзілістен кейін қақпашы Давид Лория қайта шақыртылып, қатысты. Ал Самат Смақов ұлттық құрама қатарындағы ойын көрсеткіші бойынша Руслан Балтиевті қуып жетті.

фвы

35-ші минутта алғаш болып Қазақстан құрамасы есеп ашты. “Ордабасы” ойыншысы Азат Нұрғалиевтің голы қазақстандықтарды алға шығарған.

Алайда арада екі минут өтер-өтпестен Торнике Окриашвили айып алаңынан соққы бағыттап есепті теңестіріп кетті.

Екінші таймда бапкерлер штабы Давид Лорияның орнына Владимир Плотниковты, Алексей Щеткиннің орнына Сергей Хижниченконы алаңға шығарды. Айта кетерлігі “Қайрат” қақпашысы Владимир Плотников үшін бүгінгі ойын ұлттық құрама сапындағы дебюттік матч болды. Ол осыған дейін жасөспірімдер немесе жастар құрамасы қатарында ойнамаған.

ымы

Екі жолдастық кездесу Байсуфинов бастаған бапкерлер құрамына берілген үлкен мүмкіндік еді. Енді ҚФФ рұқсатын беріп жатса, “Ақжайық”, “Ертіс” командаларын жаттықтырып отандық жанкүйерлердің ықыласына бөленген Талғат Байсуфинов бас команданың тізгінін ұстап қалуы да мүмкін.

Талқылау