Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Француз сауда дүкендерінде тамақтарды шығарып тастауға тыйым салынды

Францияда супермаркеттерде тамақтарды шығарып тастауға заңмен тыйым салды. 5 ақпаннан бастап ірі сауда орындары мерзімі өткен өнімдерді мұқтаж жандарға таратып беруге міндетті.

BORDEAUX - 12th March 2011 - The Roussel family at their home in Cenac near Bordeaux, France. Commissioned for G2 / Jon Henley copy.

Сурет theguardian.com сайтынан алынды

Бұл туралы Lenta.ru сайты хабарлайды.

Бұл құжатты бекіткен парламент, осы заң арқылы 10 миллионнан астам мұқтаж адамдарды тамақтандыруға болады деген үмітте. Франция мұндай заңды қабылдаған бірінші мемлекет атанып отыр. Бұл идеяны шығарған белсенділер, аталмыш заңды Евроодақтың өзге де елдерінде қолдану туралы ұсыныс білдіріп отыр.

БҰҰ-ның азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының мәліметінше, 2015 жылы әлемде 790 миллионнан астам адам аштықтан зардап шеккен. Әскери қақтығыстар мен саяси тұрақсыздық кесірінен де бұл сан арта түсуі мүмкін.

Талқылау