Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Францияда мешіт қабырғаларына мұсылмандарға қарсы жазбалар жазып кетті

Францияның Лион қаласындағы қалалық мешітке вандалдар шабуыл жасады.

verybig

Сурет: www.ruscur.ru 

Ғибадат қабырғасына қызыл және көк түстермен Франциядан кету және қаланың мұсылмандарын өлтіру жөнінде жазып кеткен.

20 шілде күні мұндай жазбалар Лион қаласынан 10 шақырым жердегі Брон коммунасындағы мешіт қабырғасында да пайда болған.

Осыған қатысты полицейлер тергеу жүргізіп жатыр. Жергілікті БАҚ мұны Ниццада болған терактімен байланыстырады.

Еске салсақ, Ниццадағы теракт 14-інен 15-ші шілдеге қараған түні болды. Алып жүк көлігін тізгіндеген террорист көп адам шоғырына қарай көлікті бағыттап, қанды қырғын жасаған. Франциядағы қанды теракт кезінде төрт Қазақстан азаматы қаза тапты. Олардың арасында Павлодар тұрғындары, бір отбасының мүшелері Любовь, Марина және Сильвия Панченколар бар. Сильвияның жасы небәрі 3-те, ол 2013 жылы туған.

Қайғылы жағдайдан соң жоғалып кеткен павлодарлық отбасыны әлеуметтік желі арқылы отандастары іздеген де болатын.

Талқылау