Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарлықтар Ниццадағы лаңкестіктен кейін жоғалып кеткен отбасыны іздестіруде

Павлодар тұрғындары лаңкестік кезінде Ниццада болған Панченколар отбасын іздеп жатыр.

1468657795_novosti

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

Көмек туралы алғашқы хабарламалар Инстаграм әлеуметтік желісінде жариялана бастаған.

“Ниццадағы террорлық акті кезінде Павлодарда тұратын отбасы – Марина есімді әйел (39 жаста), қызы Сильвия (2,5 жаста) және анасы Люба (60 жаста) жоғалып кетті. Репост жасаңыздар, әсіресе Францияда достары мен таныстары барлар. Оларды Монако, Марсель ауруханаларына жеткізуі де мүмкін”, – делінген Инстаграмдағы парақшада жарияланған мәтінде.

Хабар-ошарсыз кеткен жандардың таныстары да олардың тағдырына алаңдаулы. Расталмаған деректерге сүйенсек, отағасы, бизнесмен Леонид Панченко лаңкестік кезінде Павлодарда болған.

“Даша, мен Марияның анасы Любаның құрбысымын. Өтінемін, маған олардың қайда болуы мүмкін екенін жазып жіберші. Қатты уайымдап отырмыз. Леня телефонын алмайды. Өтініп сұраймын!”, – деп жазған @tatianaolkova.

Тағы бір пайдаланушы – @yuliyaholy мынадай хабарлама қалдырған: “Соңғы рет олардың қайда болғанын және қашан байланысқа шыққанын маған жазып жіберіңіздерші. Франция елшілігімен байланысқа шығуға болады”, – деп жазған ол.

Есімін құпия қалдыруды жөн көрген Панченколар отбасының танысы олардың байланысқа шықпай отырғанын мәлімдеді. Айтуынша, бұған дейін олар Ниццаға талай рет ұшып барған. “Олар шағын бизнеспен айналысады, әр жерде сауда орындары бар. Отбасының мүшелері өте тәрбиелі, ақжарқын жандар. Біз қатты алаңдап отырмыз, жақын арада табылады деген үміттеміз”, – дейді отбасының танысы.

Талқылау