Францияның Ницца қаласында жойқын теракт жасалды (фото, видео)
14 шілде күні Ниццада теракт жасалды. Белгісіз біреулер көшедегілерге қарата оқ атқан. Теңіз жағалауы Альпісі департаменті префектурасының хабарлауынша, шабуылдан біршама адам жарақат алған.

Суреттер ria.ru
Жүк көлігі Бастилияны азат ету күнін мерекелеп жүрген бір топ адамды қағып өтіп, көліктен шыққан белгісіз адамдар маңайдағыларға оқ жаудыра бастаған.
Жергілікті билік қарулы шабуылды теракті деп санайды. Әр сағат сайын Францияның оңтүстік шығысында болған теракті жайлы жаңа деректер түсіп жатыр.

“Қолда бар дерек бойынша, Ниццада 75 адам қаза тауып, 50 адам ауыр жарақат алды, оның 15-і ауыр халде жатыр”, – деп мәлімдеді Теңіз жағалауы Альпісі департаментінің депутаты Эрик Сиотти.
Қазір жүк көлігінің рөлінде отырған адамның көзі жойылған. Қалада қауіпсіздік шарасы күшейтіліп, арнайы операция жүргізілуде. Әлеуметтік желі және видеохостингтерде Ниццадағы террористердің шабуылы көрсетілген видео жарияланды.
"Әкеңіз сізге керек болмаған соң, қайтыс болды": Қазақстандықтар психологтардан қалай зардап шеккендерін айтты
Stan.kz тілшісі “психологсымақтардың” салдарынан зардап шеккендердің оқиғасын бөлісе отырып, психолог таңдауда не нәрсеге мән беру керек екенін анықтады
Өрт сөндіргіш, дәрі қобдишасы, апат белгісі: 2026 жылы Қазақстанда көлікте қандай заттар болуы керек
Мопедте болуы керек құжаттар тізімі де аталды