Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ниццадағы теракт кезінде Қазақстан азаматшасы қаза тапқан

Ниццадағы теракт кезінде қаза тапқандардың бірі қазақстандық әйел Наталья Отто болып шықты. Ол Кеңес Одағы тарағаннан кейін Қазақстаннан Бельгияға көшіп барған.

photo_190209

Бұл туралы “Московский комсомолец” хабарлайды.

Қайтыс болғандардың ішінде Натальяның күйеуі Роман да бар екен. “Оның денесі табылып, тұлғасы анықталды. Ал Роман тірілердің де, өлілердің де арасынан әлі табылмады. Екеуінің 16 жастағы қыздары қалды”, – деп жазылған.

Наталья Отто Антверпендегі шіркеуге қарайтын орыс мектебінде мұғалім болып жұмыс істеген.

“Ол өте шығармашыл әрі тамаша ұстаз еді. Ол әрдайым керемет кештер мен ертеңгіліктер ұйымдастыратын.Оны бәрі жақсы көрді. Мұндай жағдайды естіп сенер-сенбесімізді білмей отырмыз. Ол Бельгия азаматтығын алмаған, Қазақстан азаматшасы болды”, – дейді әріптесі Дмитрий Сизоненко.

Бұған дейін жарылысқа куә болған қазақстандықтар туралы хабарлап, олардың жазбасын да жариялаған едік.

Талқылау