Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төрт қазақстандық Ниццадағы террактіге куә болған

Францияның Ницца қаласында болған лаңкестік оқиғадан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматы жоқ. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов мәлімдеді, -деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Наци

 

«Францияның Ницца қаласында болған террактіден қаза тауып, жарақат алғандардың арасында Қазақстан азаматы жоқ. Алайда терракті орын алған маңдағы қонақ үйлердің бірінде еліміздің төрт азаматы болып, қайғылы жайтты терезден өз көзімен көрген және Қазақстанның Франциядағы елшілігіне хабарласып көмек сұрады. Қазір ол төрт азаматтың аты-жөні нақтыланып жатыр. Елшілік олармен байланысқа шығып, қауіпсіздігін қамтамасыз етеді», – деді Әнуар Жайнақов.

Сондай-ақ, сыртқы ведомство өкілі ел азаматтарын шетелге шығар кезде сол елдегі Қазақстанның елшілігіне міндетті түрде хабарласып, өздерінің тоқтаған жері, елде болу мерзімі жайлы мәлімет беріп, үнемі байланыста болуға шақырды.

Естеріңізге сала кетейік, бейсенбі күні кешкісін Ниццада  Францияның ұлттық мерекесі – Бастилияны алған күнді тойлау кезінде отшашуды бақылап тұрған бір топ адамды жүк көлігі таптап өткен. Осыдан кейін көлік ішіндегі террористер адамдарға оқ жаудырған. Соңғы мәлімет бойынша, қанды оқиғадан кем дегенде 73 адам қаза тапты.

 

Талқылау