Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ForteBank Euromoney нұсқасы бойынша Қазақстанның үздік банкі болып танылды

ForteBank Euromoney беделді халықаралық басылымының нұсқасы бойынша Қазақстанның үздік банкі (Best Bank in Kazakhstan) ретінде марапатқа ие болды.

"ForteBank атынан Euromoney қазылар алқасына біздің жұмысымызды жоғары бағалағаны үшін ризашылығымды білдіргім келеді. Бұл марапат пандемияға байланысты қиын кезеңдерге қарамастан, біздің банк дамуға және клиенттерімізге сапалы қызметтер мен өнімдер ұсынуға мүмкіндік беретін дұрыс стратегияны таңдағанын растайды. Forte-нің әрбір клиентіне банкке деген сенімі мен адалдығы үшін, сондай-ақ Forte-нің әрбір қызметкеріне қажырлы еңбегі мен банктің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтамын", – деді ForteBank Басқармасының төрағасы Гурам Андроникашвили. 

"Парасатты басқару мен екпінді инновациялар өткен жылы ForteBank-ке бәсекеге қабілетті Қазақстанның банк нарығында өз позициясын нығайтуға және елдегі төртінші банкті "Қазақстанның үздік банкі" сыйлығының лайықты лауреаты етуге көмектесті. Экожүйелік өнімдер жиынтығының іске қосылуы болашақ өсімге ықпал етіп, әсерлі кірістер берік принциптермен теңдестірілді", – деді Euromoney журналының редакторы Люси Фицджордж-Паркер.

Euromoney сыйлығы 1992 жылдан бастап әлемнің 100 еліндегі банк, қаржы және инвестиция саласындағы көшбасшыларға беріліп келеді және халықаралық қаржы әлеміндегі ең беделді марапат болып саналады.

Euromoney жеңімпаздарды анықтау кезінде бейтараптықтың, әділдіктің және дәлдіктің жоғары стандарттарын қолдауға ерекше көңіл бөледі. Редакторлар, сарапшылар мен талдаушылар марапатқа үміткер әрбір банктің қызметін мұқият зерделейді, халықаралық корреспондент-банктермен өзіндік нарықтық зерттеулер жүргізіп, көрнекті қаржыгерлер мен банкирлерге назар аударады. Шешім қабылдау процесі әдетте екі айға созылады.

"Euromoney жоғары сапа сыйлығымен (Awards for Excellence) марапатталған банктер қазіргі әлемдегі банктік қызметтегі барлық қиындықтарға қарамастан, мықты қаржы институттары ретінде беделге ие. Олар бірінші деңгейлі қызмет көрсетеді және клиенттердің сеніміне ие. Өткен жылы біз 50-ден астам аймақтық марапаттар мен 100-ге жуық елдің үздік банктерінің марапаттарын қамтитын аймақтық және елдік марапаттау бағдарламасы аясында банктерден 1000-ға жуық өтінім алдық", – деді Euromoney журналының редакторы Люси Фицджордж-Паркер.

Талқылау