Филипп Киркоров Тиматидің бұрынғы сүйіктісімен отбасын кұрды (видео)

Сейсенбі, 25 Сәуір , 2017 13:09

Бірнеше жыл бойы араз болған Ресей эстрадасының қос жұлдызы Филипп Киркоров пен Тимати татуласып қана қоймай, бірігіп бейнебаян түсірді.

da35f27ba129be13069e45f968d64816

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Последняя весна” клипінің желісі бойынша Тимати сүйіктісінің көзіне шөп салып, одан айырылып қалады. Опасыздықты көтере алмаған жары одан ажырасып кетеді. Ақырында бойжеткен танымал фотограф атанып, Филипп Киркоровпен отау құрады.

Ал бармағын тістеп қалған Тимати бұрынғы сүйіктісіне қарап, қиялға беріледі. Аяғын шалыс баспағанда, сүйіктісімен құрған отбасының қандай болатынын елестетумен болады.

Айта кетейік, махаббат хикаясы Италия елінде түсірілген.

Биыл 50 жасқа толатын әнші Филипп Киркоровтың туынды жайында былай деп пікір білдірді:

“Әсіресе, мерейлі жасың жақындаған кезде артыңа қарайлайды екенсің. Меніңше, өткен реніштерді ұмытып, алға жылжитын уақыт жетті. Кешегі жауың досыңа ғана емес, шығармашылық серіктесіңе айналса қандай жақсы”.

Ал танымал рэпер Тимати өткен реніштерден қарағанда шығармашылықтың аса маңызды екенін алға тартты.

“Осыдан 7 жыл бұрын біреу маған Киркоровпен дуэт жаздырасың десе, бетіне күлер едім. Бірақ бүгін екеуміз бірге орындаған “Последняя весна” бейнебаянының тұсауын кесіп отырмыз. Жасырмаймын, әннің қайырмасын бұдан да жақсы етіп айтатын бірде бір әртісті білмеймін”, – деп жазды Тимати Instagram-дағы парақшасында.

Күні кеше желіде пайда болған бейнебаянды небәрі 1 күнде 2,5 миллионға жуық жан тамашалап үлгеріпті.

Жіберіп алмаңыз:

Анасы: Димашты “мен таптым” деп мақтануға қазағымнан қорқамын

Иманбаева тілді шұбарлап сөйлейтін өнер иелерін мәдениетті болуға шақырды

Желі оқырмандары Баян Есентаевамен суретке түскен әртістерді сынап тастады (фото)

Димаш Құдайберген елге оралды (фото, видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
14.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар