Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Еуровидение-2016” байқауында әділқазы қателесіп Украинаға 12 ұпай берген

Халықаралық “Еуровидение-2016” байқауында Дат елінің әділқазылар өкілі Хильда Хейк бағалау жүйесінде қателік жібергенін мойындады. Ол Аустралия әншісіне тиесілі 12 ұпайды шатастырып Украинаға беріп жіберген.

новый коллаж

Бұл туралы Eurovision World хабарлайды.

Әділ қазы алқалары 1-ден бастап 26-ға дейін ұпай береді. 1 – ең үздік орындаушыға, ал 26 – ең нашар орындаушыға. Алайда Хейк барлығын керісінше жасап, нәтижесінде Аустралияға тиесілі 12 ұпайды Украина әншісіне берген. Шындығында Дат елі Украиналық Джамалаға бірде-бір ұпай бермеген.

“Бұл менің ең үлкен қателігім болды. Оны мойындаймын”, – дейді Хейк.

Десе де бұл қателік сайыс нәтижесіне аса қатты әсер еткен жоқ. Бар болғаны бірінші және екінші орын арасындағы алшақтықты азайтатын еді.

Сенбіден жексенбіге қараған түні “Еуровидение-2016” байқауының финалы өтті. Сайыс нәтижесінде бірінші орынды “1994” әнін орындаған украиналық Джамала алды. Екінші орынды Аустралия әншісі Дэми Им еншілесе, үшінші орынды Сергей Лазарев қанжығасына байлады. Ол “You are the only one” атты әнді орындаған болатын.

Келесі жылы аталған байқауды Украина ұйымдастырады.


Оқи отырыңыз:

Стокгольмде “Евровидение-2016” байқауы басталды

«Евровидение-2016» байқауының бірінші финалистері анықталды (видео)

Еуровидение-2016 жеңімпаздары белгілі болды

Талқылау